Қарағанды облысында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы басталды.
Оның аясында өзен-көлдердің арнасы тазартылып, көл түбінде жатқан қоқыс қалдықтары шығарылады. Инспекторлар жыл сайын осы науқан аясында қытай торлары мен экожүйеге кері әсерін тигізетін мыңдаған зиянды қалдық табылатынын айтып отыр.
