Жаңаөзендегі жарылыстан көз жұмғандар саны артты

Жаңаөзендегі газ жарылысынан зардап шеккен тағы 2 адам қайтыс болды.

Олар өткен аптада Маңғыстау көп салалы ауруханасына ауыр жағдайда түскен болатын. 51 жастағы тұрғынның денесінің  70% күйік шалған. Ол жансақтау бөліміне жатқызылып,  жасанды тыныс алу аппаратына қосылған еді. Жарылыстан кейін үйінділердің астынан табылған екінші адамның аяғына зақым келді. Екеуіне де кешенді медициналық көмек көрсетілді. Шетелдік білікті мамандармен бірлесіп операция да жасалды. Бірақ өкінішке орай, науқастар көз жұмды. Еске салсақ, 10 күн бұрын Жаңаөзендегі көп қабатты тұрғын үйде газ жарылып, бір кіреберіс қирады. Бұған дейін оқыс оқиғадан төрт адам қаза тауып, 13 адам зардап шеккені туралы хабарлаған едік.