ШҚО-дағы ауыл халқы дәріханаға 60 шақырым жерге қатынайды

Шығыс Қазақстан облысы Первомайский ауылының халқы дәрі-дәрмек сатып алу үшін 60 шақырым жерге баруға мәжбүр.

Себебі жергілікті емхананың жанында дәріхана жоқ. Ал әлеуметтік топтарға арналған медициналық препараттар такси қызметімен тасымалданады. Тұрғындар бұл мәселені соңғы жарты жыл бойы көтеріп келеді.

Первомайский ауылында мың жарым зейнеткер тұрады. Бұл елді мекен халқыны үштен бір бөлігі. Егде жастағылардың барлығы медициналық қызметтен бөлек, дәрі-дәрмекке зәру. Жергілікті амбулатория жанында дәріхана бекеті жоқ.

- Скажите пожалуйста вы лекарства давно ждёте?

- Ну как, не всегда, бывает по 2 часа и по 3.

Ал әлеуметтік дәрілік құралдар көлікпен әкелінеді. Көлігі бар зейнеткерлер аудан орталығына барса, қолы байланған жұрт сағаттап кезек күтуге мәжбүр.

Төлеужан Кабекова Шемонаиха ауданының тұрғыны:

– Таңертеңнен, міне, очередь. Жетінші кезек алдым, білмеймін, саған он екілерде әкелсе, ол қай уақытта болатынын. Кісі көп. Сағат 12-ден екі жарымға дейін дәрі береді деді.

- Вот какая кипа бумаг, здесь антикор, облздрав, министерство здравоохранения..

Нина Токмина қол қусырып отыра алмады. Мәселені денсаулық сақтау министрлігіне жеткізді. Оның айтуынша, салалық мекеме дәрі-дәрмек тапшылығынан хабардар.

Нина Токмина, Первомайский ауылының тұрғыны:

- Фармецевтикалық бақылау өткен кезде мәселе шешіледі деп үміттеніп едік. Бірақ, әлі күнге дейін әр сәрсенбі күні дәрі күтетін болдық. Бізге осындай хабар келді.

Жауапты мамандар дәріхана алдағы уақытта ашылады деп уәде берді. Бірақ алдымен фермецевт маманды табу қажет.

Шолпан Макашева, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Дәріханалық бекет үшінші мамырда ашылады деп күтілуде. Әзірге ауыл тұрғындарын дәрімен қамту тиісті шаралар қолға алынды. Фармацевт маман аптасына бір рет келіп жүр.

Бұл денсаулық сақтау саласындағы проблемалардың бір парасы ғана. Ауылдық елді мекендерде 180 дәрігер жетіспейді.

Ақмарал Есімханова, Вячеслав Ветлугин және Дмитрий Пыхтин