Жамбыл-Су мекемесі кәріз суын тоғанға төккені үшін жауапқа тартылды

Кәріз суын тоғанға төккені үшін Жамбыл-Су мекемесі жауапқа тартылды.

Жағдайды аймақтағы Экология департаментінің мамандары кезектен тыс тексеріс кезінде анықтаған. Осылайша кінәлі тарапқа 1 миллион 225 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал жауапты мекеме мамандары: «200 гектар тұндырма алаңы апатты жағдайда», - дейді. Сондықтан амалсыз сарқынды суды Көктем-1 және екінші су тоғанына төккендерін мойындады. Бүгінде 100 ге жуық сүзгі бассейні ернеуіне дейін толған. Онда 2 млн текше метр қалдық су бар. Жергілікті билік мәселені уақытша шешу үшін тағы 20 гектар жер бөліп, 12 тұндырма әзірлеген. Енді алдағы жылдары еуропалық даму банкінен қаржы алып, кәріз суын тазартатын жүйе салмақ.

Әжімұқан Бөлтіріков  "Жамбыл-Су" КММ өндірістік техникалық бөлімінің инженері:

- Жаңадан салынған 20 Га жерге 12 карта деп айттық қой. Ол уақытша шара. Ол енді 2-3 жылға дейін апатты жағдайды алдын алып отырады. Сол уақыттың ішінде біз мынау комплексный очистительный сооружение құрылысын сплып бітіруіміз керек. Егер оны салып бітірмесек бізде қайтадан апатты жағдай туындауы мүмкін.

Ербол Жүсіпбеков, Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті бөлімінің бас маманы:

- Еуропалық банктен 340 мың еуро көлемінде ақша бөлінді. Осы тазалау құрылымдарын салуға. Компаниялармен осы құрылыс салу жұмыстарын жүргізу үшін жоба дайындалып жатыр. Және конкурстар жүргізіліп жатыр.