Алматыда бірлік мерекесі думанды концерттен басталды

Алматыдағы бірлік мерекесі Абай алаңында думанды концерттен бастау алды.

«Жасстарс» тобы мен мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің орындауындағы «Қазақстан - достық бесігі» атты вокал-би композициясы елдегі түрлі этностың өнерін қамтыған. Сондай-ақ меоекелік концертте елге танымал өнер өкілдері әннен шашу шашты. Осыған орай бірлік мерекесі аясында қала тұрғындары Татарстан, Өзбекстан, Беларусь елдерінен келген сахна жұлдыздарының өнерін тамашалады. Бірлік мерекесі аясында ұлттық тағамдар конкурсы ұйымдастырылды. Қаладағы 15 мейрамхана ұлттық тағамдарды әзірлеп, көпшілік назарына ұсынды. Олардың қатарында, қырғыз бауырлардың ұлттық сусындары, армян ұлтының «Хапнама» мерекелік мәзірі, кәрістердің күріш ұнынан  әзірленген «Тток» нанын атап өтуге болады. Жалпыхалықтық мереке қаланың 8 ауданында да атап-өтілді. Жалпы Алматы 2023-2024 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымының мәдени-туристік астанасы мәртебесіне ие

Ирина Син, корей диаспорасының өкілі:

- Бірлік мерекесін екінші жыл қатарынан осы Абай алаңында атап өтудеміз. Өзіміздің ұлттық тағамдарамызды әзірлеп, ұлттық киімдерімізді дәріптейміз. Қызығушылық танытқан қала тұрғындарына ұлттық ерекшеліктеріміз туралы әңгімелеп береміз. Әдетте үйде дастарханға қазақтың, орыстың және өз ұлтымыздың тағамдарын әзірлейміз.