Қызылордаға жер аударылған корейлер халқымызға алғысын айтады

Бірінші мамыр Ольга Нам үшін ерекше мейрам.

Ол корейлердің Қазақстанға күштеп көшірілгенін өз көзімен көріп, қиындығын бастан кешкен.

Қазақ халқының арқасында алты бірдей бауыры аман қалған. Ардагер ана жасы келсе де қол қусырып қарап отырған жоқ. Қазақстандағы корейлер қауымдастығының белсендісі мүшесі.

Ольга Лазаревна Нам шөберелеріне Қазақстанға қалай келгенін әңгімелеп отыр. 1937 жылы ол 2 жаста болды. Бірақ ата-анасынан жергілікті тұрғындардың корейлерді аштықтан қалай құтқарғаны туралы естіді. Ольга Лазаревна Екатеринбургтегі университетті бітіріп, Қызылорда университеті мен политехникалық колледжінде 42 жыл саяси экономия пәнінен сабақ берді. Құрметті ұстаз Ольга Нам 2 бала, 7 немере және 7 шөбере сүйіп отыр. 

Ольга Нам, Қазақстан корейлері қауымдастығының ардагері: 

- Бізді бірнеше ай бойы жүк вагондарда болдық. Қазақстанға келдік, қатты аштық заман болды, бірақ қазақтар корейлердің аман қалуына көмектесті, бір үзім нанымен бөлісті. Сондықтан корейлер Қазақстанға, қазақ халқына алғыстарын білдіреді. 

Ольга Лазаревна «Хальмони» - «Әжелер» корей хорының мүшесі және әлі күнге дейін бірнеше тілде ән айтады. Ете сақтау қабілеті жоғары кейуанаға көпшілік таң қалады.

Ольга Лазаревнаның немересі Михаил 5 жылдан бері Оңтүстік Кореяда тұрады. Мұнда ол Қазақстан мен басқа да ТМД елдерінен келген мыңға жуық мигранттың басын біріктірді. Михаил құрылысшылар қауымын басқарды. Оның бірлестігі шетелдіктерге, соның ішінде Қазақстаннан келген жұмысшыларға екі қолға бір күрек табуға көмектеседі, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғайды.

Михаил Цой, Оңтүстік Корея құрылысшылары қауымдастығының төрағасы:

- Қазақстан бүкіл әлем үшін өте маңызды. Біз қазақпыз. Қайсар мінезіміз бар. Біз өмірдің барлық қиыншылықтардан оңай өтеміз. Қазақстанды сағындым. Өйткені қазақтардың көңілдері ашық келеді. Маған Кореяда тілдесу жетіспейді. Сондықтан біздің басымыз осындай ұйымдарда бірігеді.

Осыдан 2 жыл бұрын Кореяда Михаил үшін туған жерін еске түсіретін жер пайда болды. Бұл сүйегі Қызылордадан әкелінген Хон Бом До батырдың мазары. Осы оқиғаның арқасында миллиондаған оңтүстік кореялық ұлы қолбасшының Қазақстанда қайтыс болғанын, сол жерде оның атына көше берілгенін және сол елде 120-дан астам этнос өкілдері бірге тұратынын білді.

Владислав Цой, Ольга Лян