Өскеменде 115 этномәдени бірлестік өнер көрсетті

Өскемендегі этнопаркте 115 этномәдени бірлестіктің белсенділері алаңға шығып, өнерлерін көрсетті.

Ән шырқалды, ұлттық ойындар, сайыстар мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Бүгінгі мерекелік шаралардың барлығы этномәдени бірлестік өкілдерінің бастамасымен өтті. Жалпы мейрамға орайластырылған шаралар облыс орталығының төрт саябағында қатар өтіп жатыр. Кешклік қаладағы музыкалық субұрқақтар іске қосылды.

БЛИЦ

- Отандастарымды мерекемен құттықтаймын! Өңірімізде бір шаңырақ астында 100-ден астам ұлт тату-тәтті тұрады. Мемлекетіміздің салиқалы саясатының арқасында әр ұлт өзінің салт-дәстүрлерін сақтай алады.

- Қазақстан халқы бірлігі күні бір шаңырақ астындағы ұлттардың ынтымағы мен бейбіт өмірдің жарқын мысалы. Осы мейрамды жыл сайын тағатсыздана күтеміз. Әр ұлт өз мәдениетін, салтын көрсетеді. Бірліктен артық қымбат байлық бар ма?