Былтыр электр самокаттардың қатысуымен қырыққа жуық оқыс оқиға тіркелді

Былтыр электр самокаттардың қатысуымен елде 40-қа жуық оқыс оқиға тіркелді.

Салдарынан 1 адам қаза тауып, 40-ы жарақат алды. Осыған байланысты қосдөңгелекті шағын көлік құралдарының қозғалысын қатаң бақылауға алу және жүргізушілерінің құқығы мен міндетін айқындау көзделіп отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Елорда тұрғыны Бекжан электросамокат жүргізушілерінің жаяу жүргіншілер жолағымен жүруіне үзілді-кесілді қарсы. бэӨйткені таяуда оның әйелін қосдөңгелекті шағын көлікке мінген екі жас жігіт тротуар бойында қағып кеткен. Салдарынан жұбайы жарақат алып, қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. 

Бекжан Киманов, қала тұрғыны:

- Екі күн бұрын менің жолдасым Жерұйық саябағы жанынан өтіп бара жатқан кезде 17-18 жастағы екі жас жігіт қағып кетті. Олардың назары жолда болмаған. Бұл жерде бірден екі заң бұзушылықты байқауға болады. Біріншіден, бір самокатқа екі адам мінген. Екіншіден, алдында келе жатқан жаяу жүргіншіге ешқандай белгі бермеген. 

Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін Мәжіліс депутаттары электросамокат тебушілерге қойылатын талапты күшейту керек дейді. Парламенттің жұмыс тобы Жол қозғалысы ережелеріне өзгертулер мен түзетулер енгізуді көздеп отыр. 

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Веложолақ болмаса, электросамокат жүргізушісі тротуармен сағатына 6 шақырым жылдамдықпен ғана жүруге тиіс. Ал автомобиль жолының жиегімен жасы 18-ден асқан азаматтар ғана жүруі керек. Онымен қоса, басында шлемі және кез келген санаттағы көлік жүргізу куәлігі болуы қажет. 

Ал электросамокаттарды жалға беретін компания өкілдері, мұндай шектеулерге қарсы. Олардың санауынша, бұл шағын кәсіпкерлікті дамытуға үлкен кедергі келтіреді. Бірінші кезекте, аз көлемде азық-түлік пен тауарды шұғыл жеткізумен айналысатын курьерлық қызмет саласын тежейді, дейді жас кәсіпкер Мусалав Әлібеков. 

Мусалав Әлібеков, электросамокаттарды жалға беру компаниясының өкілі:

- Көлік жүргізу куәлігі бар адам электросамокатты да жүргізе алатынын қалай дәлелдейді. Менің ойымша, бұл ақылға қонымсыз талап. Қазіргі таңда электросамокаттарды тротуарлар мен веложолақтарда қалдыру керек. Қалалар инфрақұрылымды дамыту қажет. Тротуар жолындағы басымдықты жаяу жүргіншілерге беру керек. Жаяу жүргінші мен самокат жүргізушісі соқтығысқан жағдайда, соңғысы кінәлі болуы шарт. Міне осындай шағын ережелерді айқындап алсақ та жетіп жатыр.

Мусалав Әлібековтың айтуынша, Оңтүстік Корея, Грузия, Түркия және кейбір ТМД елдерінде электросамокатпен сағатына 20-25 шақырым жылдамдықпен және тротуар бойымен жүруге рұқсат. Қазақстанда 2017 жылы велосипед жүргізушілеріне де тротуармен жүруге рұқсат берілген болатын. Бірақ олар автомобиль жолының жиегімен жүргені үшін көлік жүргізу куәлігін көрсетуге міндеттелмейді. Неге?

Нұрлан Кәрім, ҚР ІІМ ӘПК Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Жол қауіпсіздігі туралы Заңға сәйкес, "электросамокат" көлік құралы ұғымына жатады. Сондықтан электросамокат жүргізушісі жол қозғалысының толыққанды қатысушысы болып табылады. 01.09 - 01.35 // Ішкі істер органдары тұрақты негізде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жеткізу қызметтері мен кәсіпкерліктің басқа да нысандары арасында қала бойынша жүріп тұру, жол жүрісі ережелерін сақтау бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы хаттар жолдайды. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының қызметкерлері еңбек ұжымдарында, сондай-ақ жалпы білім беру мекемелерінде және басқа да оқу орындарында әңгімелер өткізеді. 

Елордада күніне орташа есеппен 5-6 адам электросамокаттардың қатысуымен болатын оқыс оқиғаларға ұрынып, жарақат алады екен. Астаналық травматолог-дәрігерлер осылай дейді.

Мирлан Алтынбек, Жандос Битабаров