Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың электрондық базасы жасалды

Батыр бабалардың есімі мен ерлігін өшірмей, өскелең ұрпаққа үлгі етуді көздеген жобаның авторлары, енді ардагерлер тізімін түгелдей жасақтауды жоспарлап отыр.

Оны батырларға тағзым el.kz сайтынан көруге болады. Әзірге порталда 500-ге тарта ардагер туралы мәлімет бар.

Айта кетейік, сайт тұрғындар көмегімен, толықтырылуда. Яғни, азаматтар әлгі порталға кіріп, соғысқа қатысқан аталары жайлы мәлімет беруі керек. Деректер, мейлінше толыққанды болуы тиіс. Кейін оны сайт модераторлары тексереді, сосын мәңгілік құрмет тақтасына ілінеді.

Алтынбек Хумарзах, "Қазақстан тарихы" порталының бас редакторы:

- Бұл платформаның ерекшелігі - кез келген оқырман ол жерге өзінің атасы, әжесі туралы, тыл ардагер туралы мәліметті бізге жолдай алады. Не болмаса арнайы почтамыз бар, соған мәлімет жіберсе біз сайтқа орналастыра береміз. Міндетті түрде соғысқа қатысқан атасының аты жөні, атағы, сондай мейлінше толық өмірбаянын толық жіберсе.