Ұлытау облысында төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары күшейтілді

Ұлытау облысында су айдындарында, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары күшейтілді.

Суға шомылу маусымы басталмас бұрын, құтқарушылар төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәсілдерін пысықтап жатыр. Жезқазғандағы Кеңгір су қоймасында басталған оқу-жаттығу жиыны облыстың өзге де қала-аудандарында жалғасатын болады. Сонымен қатар құтқарушылар тұрғындар арасында судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертіп, жадынамалар таратуда. Себебі, былтыр суға шомылу маусымында облыс бойынша 10 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. 6 адам дәл осы, Кеңгір су қоймасына батып кеткен еді.

Бауыржан Біләлов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Осы оқу-жаттығуға полиция департаменті және жедел медициналық жәрдем бригадаларының қызметкерлері де тартылды. Оқу-жаттығудың мақсаты – авариялық-құтқару қызметтерінің дайындығын тексеру болып табылады.