Елімізде С. Бердіқұловтың 90 жылдығы атап өтіледі

Биыл Сейдахмет Бердіқұловтың 90 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шаралар легі басталып кетті. Мәселен, елордада қаламгердің көзін көрген шәкірттері мен ардагер журналистер бас қосып, естеліктерімен бөлісті. Жазушы-журналиске қатысты тың деректерді айтты. Бердіқұлов – қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы, қазіргі Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының алғашқы президенті. Ол 1966 жылы Лондонға, 1970 жылы Мексикаға барып, футболдан әлем чемпионаты жайлы қалам тербеген алғашқы қазақ.

Уәлихан Қалижан, жазушы-журналист:

- Енді қазір 90 жылдығына байланысты үлкен-үлкен шаралар өтіп жатыр. Егемен Қазақстан газеті конференция өткізіп жатыр. Көзін көрген азаматтар келіп жатыр. Туған ауылында да бүгін үлкен мереке. Сол жерде жиналыс. Кітабы шығып жатыр. Ал 14 мамырда Алматыда бильярдттан турнир өтеді.