Ефрейтор Бауыржан Әбдіхайым бес күнде 500 шақырымды еңсерді

5 күнде 500 шақырым. Қарулы күштердің спортшысы рекорд орнатты.

Ефрейтор Бауыржан Әбдіхайым Қарағанды облысының Ақжал ауылынан елордаға дейінгі аралықты жүгіріп өтіп, алға қойған мақсатын сәтті орындады. Қазақстан рекордтар кітабының өкілі спортшының бұл марафоны айрықша екенін және бұл көрсеткіш олардың басылымына енетінін растады. Енді әскери қызметші әлемдік рекордты бекітуге өтінім бермек ниетте. Әскери қызметшіні спорттағы тамаша жетістігімен Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов құттықтады.