Елімізде 19 млн-нан астам тұрғын болса, олардың 9 млн 647 мыңы – ер адам, деп хабарлайды «Хабар 24».
14 жасқа дейінгі ұлдардың саны 3, ал 15 пен 62 жас аралығындағы ерлердің саны 6 млн-ға жуықтайды. 63-тен асқан 767 мың қария бар.
Өңірлер бойынша алғанда, Түркістан облысында жігіттер қауымының қарасы қалың, 1 млн-нан асып жығылады. Ер азаматтардың ең азы Ұлытау аймағында тіркелген. Онда 180 мың ер азамат тұрады.
Жас ерекшеліктері бойынша ерлердің саны:
0-ден 14 жасқа дейін – 3 миллион
15-тен 62 жасқа дейін – 5 миллион 876 мың
63 жастан асқандар – 767 мың
