Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Гапичке «Халық қаһарманы» атағы берілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Отан соғысының ардагерлері Әбдіғали Қаймолдин мен Иван Гапичке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жеңіс парадының қатысушысы Иван Гапичке "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.