Мәжілісте МӘМС жүйесіндегі мәселелер көтерілді

Еліміздегі емханаларға көрсеткен қызметтерінің 80%-ке жуығы мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленбей отыр. Бұл туралы Мәжілісте депутат Гүлдар Нұрымова мәлімдеді.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы қаржыландырудың дұрыс жүргізілмеуі салдарынан заманауи диагносикалық шаралар ғана емес, дәрігерлерден кеңес алудың өзі күрделеніп кеткен. Белгілі болғанындай, медициналық қызметтердің жаңа тарифі биыл тек наурыз айында бекітілген. Ал емханалар оған дейінгі 2 айда бұрынғы бағамен қызмет көрсетіпті. Енді баға айырмашылығы төленбейді екен. Сол себепті Мәжіліс депутаты тегін медициналық қызметтер тізімін қайта қарап, қаржыландыруды ұлғайтуды ұсынды.