loader


Шымкентте Жеңіс күніне орай «Күткен күн» концерт-спектаклі ұсынылды

Шымкентте Жеңіс мерекесіне орай тұрғындарға «Күткен күн» атты спектакль-концерт ұсынылды.

Өнерпаздар екінші дүниежүзілік сұм соғыста қаһармандарға сенім сыйлаған патриоттық әндерді шырқап, ауыл тынысынан хабар беретін қойылымдар қойды.

Қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтің романы бойынша әзірленген көрініс көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Ашық аспан астындағы концерттік қойылымды тамашалауға көрермен де көп жиналды. Елге танымал өнерпаздардың мерекелік шашуын тағатсыз күтіп тұр. Жасы да жасамысы да әннен әсер алып, сахналық қойылымнан ерекше сезімге бөленгісі келеді. 

Мақсат Тоқсанбай, қала тұрғыны:

- Бізден кейінгі ұрпаққа да үлгі-өнеге болып қалатын, сонымен қатар олардың есінде жүретін және айта жүретін тарихтың бірі. 

Адинұр Құдайберген, қала тұрғыны:

- Бүгін ағаммен бірге осы концертті тамашалауға келгенбіз. Өте керемет болады деген ойдамын. Мейраммен барлық Қазақстан халқын құттықтаймын. Осындай бейбітшілік заман бола берсін, ешқандай соғыс болмасын.

«Күткен күн» соғыс жылдарындағы қайғы мен қасіретті, елдің мұң-мұқтажын қамтитын таңдаулы роман. Өнерпаздар туындыны ерекше форматта өңдеп, сахнаға қайта шығарды. 

Айгүл Иманбаева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Қырқыншы жылдардағы әндердің барлығы хит әндер ғой. Барлығы орындалады. Былай айтқанда сөзі өте аз, керісінше әндер өте көп. Бастысы берері бар және есте сақтайтын, ұрпаққа қалдыратын, айтары бар дүние.

Айгүл Иманбаева баласын зарыға күткен ана образында. Ал әнші Маржан Арапбаева «Ана туралы балладаның» шығу тарихы мен ерекше мәнін жеткізуге тырысты. Сондай-ақ Роза Рымбаева қазақтың қайсар қызы Әлияны сәтті сомдап, монологын оқыды.

ИНТЕРШУМ: Әлия әнін орындайды..!

Шымкентте алғаш рет сахналанған спектакль-концертке барлығы алпысқа жуық өнерпаз қатысты. Олар соғыс жылдарында шырқалған ән жауынгердің жігерін жанып, жеңісті жақындатуға үлес қосқанын жеткізуге тырысты. 

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов