Алматы облысындағы 2 тұрғын үй халық игілігіне қашан тапсырылады?

Алматы облысы Есік қаласында былтыр салынған 60 пәтерлі 2 үй халық игілігіне әлі тапсырылмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылысқа мемлекеттік бағдарламамен 240 млн теңге бөлінген еді. Ішкі жұмыстары аяқталған. Алайда ауласы абаттандырылмаған. Аудандық құрылыс бөлімі «мердігер жауапты» деп отыр. Ауладағы жұмыстар жақында басталып, үй маусым айында беріледі деген жоспар бар. Баспана көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларына, бюджеттік сала қызметкерлеріне беріледі.

Одан бөлек, 120 пәтерлі 4 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы ауданда 5 мың адам баспана кезегінде тұр. 

Аян Ыдырысов, Еңбекшіқазақ аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы:

- Биыл 2023 жылдың тамыз айының аяғында пайдалануға беріледі. Жобаның құны 1 млрд 800 млн. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес. Ешқандай кедергі жоқ.