Астанада компьютерлік ойындар құрастырудан турнир аяқталды

Астанада компьютерлік ойындар құрастырудан турнир аяқталды

GAMEDAY компьютерлік ойындар құрастырудан республикалық турнир аяқталды.

Бұнда 12 мен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары өз таланттарын көрсетіп, қысқа уақыттың ішінде нақты тапсырмаларды орындап шығулары керек. El Umiti корпоративтік қоры ұйымдастырған байқауға еліміздің 200-ге жуық жас дарыны қатысты. Олар "Банк бизнесі", ойын кейіпкерлерін және ойын алаңдарын құру аталымдары бойынша сайысқа түсті. Конкурстың финалына Алматы, Астана қалалары мен Шығыс, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан сүрінбей шыққан 50 оқушы өтті. Бүгін әділ қазылар алқасы осы үздіктер арасынан жеңімпаздарды анықтап, жас дарындарға бағалы сыйлықтар табыстады.

Анастасия Орлова, "Банк бизнесі" ойынын құру аталымының жеңімпазы:

- Мен тапсырма бойынша ойынды 3 күннің ішінде жасап шығаруым керек болды. Берілген тақырып - Банк бизнесі. Бұл ойында кейіпкер жас банкир қызметін атқарады. Оған қаржы институтын сатып алу мүмкіндігі беріледі. Кейін ойын барысында 3 негізгі көрсеткішті қадағалап отыру керек. Яғни, банк капиталы, клиенттер және қызметкерлер. Ойынды құрастыруда мен бұл саланы жіті меңгеруім керек болды. Осы тұсы қиынға соқты. Күн демей, түн демей 72 сағат жұмыс істедім.