Қарағанды облысында кеншілер мен метталургтерге баспана сертификаты берілді

Қарағанды облысында жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама бойынша кеншілер мен метталургтердің алғашқы легіне баспана сертификаты берілді.

Осылайша 5 жылға жоспарланған бағдарламаның алғашқы жылында кемі 120 кенші мен метталург  баспаналы болады деп жоспарланған. Бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі 5% . 

Диана Жеңісова металургиялық комбинатта 5 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Жеңілдетілген ипотеклық бағдарламаға былтыр құжат тапсырып үлгермей қалған. Бағын биыл тағы сынапты. Сәті түсіп енді 20 млн.теңгеге пәтер алайын деп отыр.

Диана Жеңісова, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бөлім сарапшысы:

- Белгілі бір талаптар болды. Соның барлығын өтіп осындай конкурстан өтіп отырмын. Шарттары өте тиімді, яғни 5 процентпен ғана, 14 жылға берілді. Менің зарплатама да ыңғайлы қылдырып , төлей алатын мүмкіндік берді, үлкен рахмет айтамын.

Бұл бағдарлама обыс әкімдігінің бастамасымен өткен жылы алғаш енгізілген. Биыл оған Қарағанды облысының әкімдігі 1 миллиард, «Отбасы банкі» 500 миллион теңге қаржы құйған. «Бағдарлама алдағы уақытта да жалғасады деген жоспар бар. Осылайша 600-ден астам кенші мен металлург баспаналы болады», - деп жоспарланып отыр.

Ермағанбет Бөлекбаев, Қарағанды облысының әкімі:

- Облыста екінші жыл қатарынан кеншілер мен металлургтерге арналған, шарты жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама жүргізіліп келеді. Өткен жылы 134 отбасы осы бағдарлама аясында баспана алса, биыл 75 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл тек қана көмек емес, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға жасалған қамқорлық.

Ипотека қатысушылары бастапқы немесе қайталама нарықтан тұрғын үйді өздері таңдап алады. Оның құны 20 миллион теңгеден аспауы тиіс. Бұл барынша көп адамды қамту мақсатында қойылған шектеу. Несие мерзімі 19 жылға дейін ұзартылған. Сондай-ақ үміткерлер тек облыс орталығынан емес, серіктес қалалардан да баспана таңдап алуына рұқсат етілген.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар