Қазсушар барлық су шаруашылығы нысандарына тексеріс жүргізіледі

Қазсушар барлық су шаруашылығы нысандарын одан әрі сумен қамтамасыз ету үшін кешенді ревизия жүргізуде.

Республикада кәсіпорынның 5 мыңнан астам гидротехникалық құрылыстары бар. Олардың құрамына 87 су қоймасы, су электр қондырғылары мен бөгеттер кіреді. Мамандардың айтуынша, олардың барлығының жағдайы көңіл көншітпейді реконструкцияны қажет етеді. Келер жылдан бастап сумен жабдықтаудың жаңа тарифі күшіне енеді. Тұтынушылар ауызсудың бір текше метрі үшін 3,8 теңге, ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдаланушылар 1,8 теңге төлеуі тиіс.

Қайырбек Сисембин, су ресурстары бойынша сандық трансформациялық тобының жетекшісі:

- Қазіргі уақытта, есепке алу және тарату құрылғылары туралы айтатын болсақ, бірде-бір жоба коммерциялық пайдалануға берілген жоқ. Әрине, қауіпсіздік – бірінші кезектегі міндетіміз. Инвентаризациядан кейін ғана басым тұрған мәселелердің шешу жолдарын ойлай бастаймыз. Ал қарастыратын мәселе өте көп.