Маңғыстаудағы Торыш шатқалы мемлекет қорғауына алынуы мүмкін

Маңғыстау облысындағы Торыш шатқалы мемлекет қорғауына алынуы мүмкін.

Қазір аймақ әкімдігі жоспар жасақтап жатыр. Оған туристік орындардың техникалық-экономикалық негіздемелері енгізілмек. Құжат дайын болғасын экология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданады. Саяхаттаушылар жиі  баратын тарихи аумақтыі ЮНЕСКО құрамына өткізуге 2017 жылы өтінім берілген. Алайда халықаралық ұйым тарапынан қолдау таппады. Соңғы кезде шатқалдан әлдекімдердің тас ұрлап жүргені жайлы айтқан болатынбыз. Бұл кезінде Тэтис мұхитының табаны болған табиғи орын. Ал диаметрі 4 метрге дейін баратын шар пішіндес тастарды ұрлайтындар бизнес нысандар мен қонақүйлердің алдын безендіру үшін алады екен. 

Есенқос Әділбаев облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

- Торыш шатқалы қазір ерекше қорғалатын табиғи аумағына жатпайды. Сондықтан табиғи ескерткіштерді түгендеп, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жасақталғаннан кейін арнайы құжаттары, сонан кейін барып мемлекеттік табиғи ескерткіш ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіргізілетін болады.