Шымкентте 950 науқасқа донор қажет

Шымкенттік дәрігерлер 10 жылда бауыр және бүйрек жетіспеушілігіне шалдыққан 200 науқасқа операция жасады.

Оның 95 пайызы сәтті өтіп, науқастардың өмірі ұзарды. Созылмалы сырқатқа шалдыққан тағы мыңға жуық адам ағзасын ауыстыру үшін кезекте тұр. Дәрігерлер: «отандық медицина дамығанмен донор жетіспеушілігі қолбайлау болып тұр»,-дейді. Олар гемодиализ арқылы қанды тазартып, өмір үшін күресіп келеді. Дәрігерлер транспланталогияның қыр-сырын Оңтүстік Корея, Ресей және Белорусияда меңгеріп, біліктілігін жетілдіріп келген. Операцияны тіліксіз жасауды да біледі. Енді ел ішінде мәйіт донорлығын дамыту керек деп есептейді.

Абылай Донбай, қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері:

- Жалпы дүниежүзінде донор жетіспеушілік мәселесі бар. Донор жетіспеушілігін дамыту үшін мәйіттік трансплантацияны дамыту керек бүгінгі күні. 200 ден тек 5 % қана қайта бүйрек жетіспеушілігіне шалдығып қалды да қалғандарының бәрі толыққанды жұмыс істеп кетті.