Атыраудағы резерватта құс көбейіп жатыр

Атыраудағы «Ақжайық» резерватының «Шалыга» аралында, құстардың популяциясы көбейіп жатыр.

Орнитологтар қазір бұл маңда, қылаң қарабас шағаланың 5500, өгіз шағаланың 4 мың, үлкен су құзғынның мың жарым және бұйра, қызғылт бірқазанның 200 жұбы бар екенін айтады. Мамандар аралға апта сайын келіп, зерттеу-қадағалау жұмыстарын жүргізіп жүр. Қазір браконьерлердің де азайғанын айтып отыр. Соның да әсерінен 3-4 жыл жоғалып кеткен құстар, қайта келіпті. Жалпы «Ақжайық» табиғи резерватына кіретін «Шалыга» аралын, құстың 300-ге жуық түрі мекендейді. Олардың 110 түрі, осы жерде ұя салса, 80-ге жуығы қыстайды, ал 106 түрі, уақытша мекендейді екен.

Илья Бофонов, "Ақжайық" табиғи резерватының орнитологы:

- Қазір құстардың өсіп-өнуі қалыпты жағдайда. Мұнда құстар ұя салып, көбейеді. Біз соны қадағалаймыз. Соңғы 4 жылда  бұйра және қызғылт бірқазан мүлде болмаған, ал қазір олардың ұя салып, көбеюі байқалады.