Алматыда жоғалған туристің денесі таудан табылды

Алатауда із-түссіз кеткен австралиялық туристің денесі табылды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел құтқару тобының баспасөз қызметі хабарлады. Саяхатшыны 40 құтқарушы мен 30 ерікті тік тұрып іздеді. Сондай-ақ тікұшақтар мен дрондар жұмылдырылды. Тіпті полиция іс қозғады.

Шетелдік туристің жоғалып кеткені туралы еріктілер әлеуметтік желіде дабыл қаққан еді. Олар марқұмды соңғы рет 2 күн бұрын хостелде көргендерін айтты. Кездесуде турист Үлкен Алматы көліне жаяу баруға бел буғанын айтқан екен.