Абай облысында өрттен елді мекендерге төнген қауіп сейілді

Абай облысының Бородулиха ауданында табиғи өрттен елді мекендерге төнген қауіп сейілді.

Жалынды оқшаулау шараларына 434 құтқарушы, 109 техника, екі тікұшақ және өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Кеше Астана қаласы мен Павлодар, Қарағанды облыстарынан қосымша күш жіберілген. Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр апат аймағына барып, жағдайды бағамдады. Бұған дейін өрт қаупіне байланысты Березовка елді мекенінен 277 адам эвакуацияланып, туыстарының үйлеріне жайластырылған. Айта кетейік, бірер күн бұрын «Семей орманы» табиғи резерватында өрт тұтанды. Жалын Ресейдің Алтай өлкесінен жеткен. Алдын ала есеп бойынша 1100 гектардан аса аумақ отқа оранды.