Жамбыл облысында әскери бөлімдегі оқдәріні жою қайтадан басталды

Жамбыл облысында жарылыс болған әскери бөлімдегі оқдәріні жою жұмыстары қайта басталды.

Байзақтағы қоймадан 500 келі оқдәрі қалдығы қолдан жарылған. Енді инженер-саперлар әскери бөлім аумағындағы қалған қауіпті қалдықты сұрыптап жатыр. Одан әрі Тараздан 50 шақырым жердегі тау бөктеріне апарып, арнайы алаңда жояды. Жоспарлы жару жұмыстары дүйсенбі мен жұма аралығында қараша айына дейін жалғасады. Былтыр Байзақтағы әскери қойма аумағында 10 тонна оқдәрі жойылған еді.

Аралбек Таңатов, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы инженерлік әскерінің бастығы:

- Қауіпті қалдықтарды жару арқылы жойып жатырмыз. Одан соң мамандар жарылыс орнын темір қалдықтарынан тазартады. Жалпы бұл жұмыстармен айналысып жатқан әскери құрам өте тәжірибелі. Жою кезінде біз қауіпсіздікке аса мән беріп отырмыз. Мамандар регалмент бойынша 40 минут жұмыс істеп, 20 минут тынығады.