Шымкентте жылан қаптап кетті

Шымкентте жылан қаптады. 

Бауырымен жорғалаушылар тұрғындардың баспанасы мен үй ауласына кіріп, зәрені алды. Құтқарушыларға осы айда 35 шақырту келіп түскен. Тіпті балабақша ішінде де  жылан табылып, арнайы құралмен қауіпсіз жерге шығарылған. Соңғы екі айда үш адам медициналық көмекке жүгінді. Зардап шеккендердің бірі ауруханада ем қабылдап айыққан. Құтқарушылар жыландардың белсенділігін жаз кезіндегі жұптасу кезеңімен байланыстырады.

Орынбасар Төртбаев, қалалық ТЖД жедел құтқару жасағының бастығы:

- Мысалы, мамыр айының өзінде 35 рет шақыртуға шықты біздің құтқарушы жігіттер. Оның 26-да тауып, қауіпсіз жерлерге шығарып тастадық. Қазір жұптасатын уақыт болғандықтан табиғи жағдай ғой. Сондықтан жылан көп болып вызовтар шықырылып жатыр. Шұбар жылан, ала жылан  40-70 см дейін көржыландар кездесіп жатыр.