ШҚО-да жас құтқарушылардың жаттығулары басталды

Шығыс қазақстандық оқушылар үшін спорттық-туристік күндер басталады.

Осыған байланысты өңірде жас құтқарушылар арасындағы маусымдық жаттығулар қайта жанданды. Арнайы ұйымдастырылған іс-шара барысында жастар алғашқы көмек көрсетуді, орманда жол табуды, өрт қауіпсіздігі ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды меңгеріп жатыр. Бүгінде Өскемен қаласы бойынша 400-ге жуық бала осындай шараға қатысып, түрлі әдіс-тісілдерді иегереді. Жалпы аймақта жыл басынан бері кәмілеттік жасқа толмаған 46 бала түрлі төтенше жағдайға тап болған екен. Олардың барлығы құтқарылды. 

Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД басқармасының бас маманы:

- Оқу жылының аяқталысымен балалардың жазғы демалыс уақыты басталады. Осыған байланысты, балаларды қорғау күніне қарсы біз балаларға қауіпсіздік негіздерінің басты ережелерін таныстырып тағы да еске салуы туралы шешім қабылдадық. Бүгін балалар осы іс-шараның аясында өрт сөндірудің судағы қауіпсіздік ережелері және де қандай да болмасын зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету туралы білімдерін жетілдіріп, толықтырды.