Алматы облысында 220 мың гектар жер мемлекетке қайтарылады

Алматы облысында игерілмеген жерлер мемлекет меншігіне өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері осындай 45 мың гектардан астам жер қайтарылған. Облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің тексерісі нәтижесінде 601 тұлғаның жалпы көлемі 285 мың гектар пайдаланылмай жатқан жері анықталды. Қазір 247 адамның  меншігіндегі телімдер бойынша тиісті нұсқамалар берілген. 28 тұлғаның иелігіндегі 19 мың гектарға жуық жер сот шешімі бойынша мәжбүрлеп алынған. Өз мақсатында қолданылмай жатқан жерлерді анықтау жұмысы маусым-шілде айларында белсенді жүргізіледі, - деп ескертті жауапты мамандар.

Рауан Жамағатов, қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы:

- Біз жыл басынан бері, айта кететін болсақ, «Қазовощпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты 26 га жерді қайтардық. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 75 га падалану мақсатына сай пайдаланбағандықтан, оны қайтардық және де нұрсапа агроға тиісілі 120 га жер суармалы жер Шеңгелді ауылдық округі, Ақөзек ауылына қарасты. Қазір сот тәртібінде қаралып жатыр.