Риддер жылу орталығын жөндеу күндіз-түні тоқтаусыз жүреді

Риддер жылу электр орталығын толық жөндеуден өткізу жұмыстары демалыссыз, үш ауысыммен жүргізіледі.

Осындай әдіспен ғана маңызды шаруаны қыркүйектің ортасында аяқтауға болады. Облыстық әкімдік өкілдері осылай  деп мәлімдеді. Қазір қыс бойы басынан шу арылмаған жылу мекемесіне 12 мердігер компания кірді. Ең басты міндет -  тозығы жеткен орталықтың қазандықтарын қалпына келтіру, турбинаны іске қосу. Қуаттылығын 40 мегаватқа көтеру. Сонымен қатар станцияда тек жылу ғана емес электр энергия өндірісін жолға қою.  

Игорь Михайленко, "Риддер-ЖЭО" Бас директоры:

- Күл үйіндісі  ауызы мұрнынан шыға толып тұр деуге болады. Тіпті ары қарай қолдану мүмкін емес. Сондықтан  не  үйінді  дамбасын кеңейтеміз немесе жиналып қалған қожды ойып алып тастаймыз.Осындай екі нұсқа ойластырып отырмыз.