ҚТЖ Семей филиалында жемқорлыққа жол бергендер сотталды

«Қазтеміртранс» және «КТЖ Жүк тасымалы» мекемелерінің өңірлердегі филиалдарының өкілдері вагондарды тарату кезінде жемқорлыққа жол берген. 

Әдейі кедергі жасап, кәсіпкерлерді пара беруге мәжбүрлеген. Онысын мемлекеттік сатып алудың 95 пайыздан астамын бір көзден алу әдісі арқылы жүзеге асырған. Жобалық-сметалық құжаттарды жасаған кезде де,  бағаны негізсіз көтерген. Былтыр 20 қылмыстық іс тіркеліп, 15 адам жауапқа тартылып, оның үшеуі сотталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы қоғамдық кеңестің Семейде өткен көшпелі отырысында айтылды. Жиында өңірдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру барысы баяндалды.

Марат Башимов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы:

- Аймаққа барып, сондағы қоғам белсенділерімен, мемлекеттік органдармен кездесіп, әртүрлі салаларда қоғам өз үлесін қоса, қалай, қандай нәрселер айта алады? Кездескен өте маңызды болып тұр да. Кеше ғана Мәжілісте қабылданған Қоғамдық бақылау деген заң бірінші орынға шығып тұр. Әр салада қоғамдық бақылаусыз сіз түк жасмай алмайсыз. Әділетті қоғамды құра алмайсыз.