Маңғыстау облысында ауыз су мәселесі өзекті

Маңғыстау облысында ауыз су тапшы екені белгілі.

Мәселені 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен шешуге бағытталған 7 жоба жүзеге асырылуда. Мұны аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Оның айтуынша, суды тұшытудың жалпы қуаты тәулігіне 200 мың текше метр. Енді бұл проблема қалай шешіліп жатыр?

Қазір облыста ауыз суды тұтыну көлемі 162 мың метр кубты құрайды. Оның тапшылығы әсіресе жаз мезгілінде сезіледі. Қажеттілік тәулігіне 77 мың текше метрге жетіп отыр. Тапшылықты жою мақсатында бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, «Каспий» су тұщыту зауытының қуатын екі есеге ұлғайту көзделген. 

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

- Каспий су тұщыту зауытына қажет суды құйылыс жер су асты тұщы су кен орнынан алып келуге жалпы жол ұзындығы 47 км болатын екіші су таситын құбырдың құрылысы, биыл бастаймыз. Келесі жылы жан жетсе, келесі жылдың аяғына дейін осы құйылыс Ақтау су тұщыту зауыты дейінгі су құбырының құрылысын және «МАЭК»-тегі тәулігіне 24 мың текше метр су қондырғысын іске қосамыз. 

Сондай-ақ Ақтауда 900 шақырымнан астам инженерлік желі жаңғыртылмақ. Шаһардың 25 ауданын бірнеше аймаққа бөліп, су құбыры мен кәріздер жаңартылады.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

- Қазіргі таңда біз жоспар қабылдадық өзімізге. Қаланы шартты түрде 5 бөлікке бөлдік. Су, жылу, су бұру мәселелеріне 19 жоба жалпы құны 20 млрдқа жобалар дайын тұр қазіргі таңда.

Аталған проблеманы шешу бағытында мемлекеттік бюджеттен 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Енді инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. 

Альмира Оразбай