Ә.Смайылов кешенді құрылысты қаржыландыру механизмін іске қосуды тапсырды

Елде 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынуы керек.

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен республикалық штаб отырысында Мемлекет басшысының осы тапсырмасының орындалу барысы пысықталды. Әзірге Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстары жоспарды орындауда көшке ілесе алмай келеді. 600 мыңнан аса отбасы баспанаға мұқтаж. Үкімет басшысы тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды іске қосу бойынша биылғы жоспардың түгел әрі  уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Бір ай мерзімде кезекте тұрғандар үшін үй бөліп, кешенді құрылысты қаржыландыру механизмін іске қосуды тапсырды.