«Семей орманы» резерватының ортайып қалғанына жергілікті халық алаңдаулы

Семей орманы резерваты еліміздегі ең әдемі жасыл желекті алқап.

Ел шығысында бірнеше ауданды қамтып жатқан орманның ортайып бара жатқаны жергілікті жұртты алаңдатып жатыр. Әсіресе бүгінгі күні өртпен арпалысып жүрген құтқарушылар "күлге айналған көрініс жүректі ауыртады" дейді.

Семей Орманы резерваты еліміздегі ең әдемі жасыл желекті алқап. Бұлбұл құсы сайраған флора мен фаунаға бай ерекше табиғи кешен. Ел шығысында бірнеше ауданды қамтып жатқан орманның ортайып бара жатқаны жергілікті жұртты алаңдатып жатыр. Әсіресе бүгінгі күні өртпен арпалысып жүрген құтқарушылар "күлге айналған көрініс жүректі ауыртады,"- дейді. 

Эльмира Ахметова, тілші:

- Сыңсыған жасыл орман іші әп-сәтте күйген  ағашқа толды. Аспанмен астасқан қарағайларды  жалын шарпыды. Алапат өрт жолындағысын жалмап өтті. Көрікіне көз тоятын желкілдеген желектің бүгінгі көрінісі расымен де аянышты. 

Темірлан Көпбаевтың өрт сөндіруші болып қызмет етіп жүргеніне бар болғаны жарты ақ жыл.Жарты жылдың ішінде осымен екінші рет алапат өртпен бетбе бет жүздесті.Жиырма жасар жігіт Поднебесная ауылына отты жеткізбеу үшін әріптестерімен бірге тер төкті." Жалын ауылға өтпеді, алайда аң құс үдере қашып, орман көз алдымызда ортайып қалды дейді ол. 

Темірлан Көпбаев, өрт сөндіруші: 

- Осы ЗиЛ-мен өтіп бара жатқанда көреміз қашып бара жатады марал, бұғылар, орман үшін, аянышты, адамдар қолдан келгенше бәрін жасап жатырмыз. 

Өрт жоғарыдан басталған Жан жақтан шашыраған шоқ  түскен жерін бірден отқа орап, дес бермеді дейлі мамандар.Жел де жалынды қаулата түскен. Құтқарушылардың көбі бұл өлкені жақсы біледі. Айтуларынша, қайта-қайта тиген өрт өңірді қуратып барады. 

Дәулет Мұратбеков, Новошүлбі ауылы №19 өрт сөндіру бекетінің бастығы:

- Қаншама тоғай жанып кетті, жүрек ауырады, кішкене ғана ана Боровлянканың ар жағында тимеген тоғайымыз қалды, кішкене ғана, а так алдында мына жақ жанып кетті, мына жақ жанып кетті. Кішкене тоғайымыз қалды.

60 мың гектар алқап аз емес. Тілсіз жаумен күресуге  мыңнан астам жеке құрам жұмылдырылды. Құтқарушыларға да орманшыларға да қауіп көп болды.Олар отпен алысып жатқанда, отбасылары асыға хабар күтуде.

Қуандық Таңсықов, өрт сөндіруші:

- Семьямызбен хабарласып сеть ұстаған жерлерде сөйлесіп тұрамыз, тамақ жағы да бәрі жақсы кісілер көмектесіп жатыр әкеп түгелін.

Осы  күндері қарайған ел мен  қарағайлы орманды аман алып қалу құтқарушыға да орманшыға үлкен сын болды. Сол үшін жанталасқан адамдар жанкештілікке де барды. 14 орманшының өз қызметінде опат болуы, осыны көрсетсе керек. Бас иіуге тұрарлық ерлік. 

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов