Петропавл соты әкімдіктің кәсіпкерге берген жерін заңсыз деп таныды

Петропавл соты әкімдіктің кәсіпкерге берген жерін заңсыз деп таныды

Облыс орталығына кіреберістегі бір гектардай аумақта былтыр қайың ағаштары оталып, тұрғындардың наразылығын тудырған еді.

2006 жылы бұл жер мемлекеттік қордан шығарылды. Ал оның бір бөлігін жергілікті кәсіпкер сатып алып, үшінші тарапқа өткізген. Осылайша жаңа иесі мұнда автосалон салуды жоспарлаған. Сот отырысында учаскенің жеке қолға заңсыз берілгені анықталды. Осылайша сот мәмілені жарамсыз деп тауып, облыс әкімдігінің атына жеке ұйғарым шығарды.

Анар Маманова, қалалық №2 сотының судьясы:

- Мемлекет меншігіндегі жер учаскесі сауда-саттық арқылы жүзеге асырылады. Мұнда аукционсыз беріліп отыр. Яғни жоспарлау жобасы дайындалып белгіленбеген. Заң талаптары бұзылған. Әрі бұл аумақ республикалық маңызы бар трассаның бойында орналасқан. Ал ортақ пайдаланылатын жерді ешкімге беруге болмайды.