ШҚО-да орман өрті оқшауланды

«Қатонқарағай ұлттық табиғи паркіндегі» өрт толық оқшауланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенное ауылынан 3 шақырым қашықта құрғақ шөп пен бұталар жанған болатын. Жалын парктің 15 гектар аумағына шарпыды. Өртті сөндіруге 123 адам жұмылдырылды. Тікұшақпен 10 рет су шашылып, тілсіз жаудың елді мекендерге таралуына жол берілмеді.