«Астана Патриоты» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Елорданың 25 жылдығына орай алғаш рет  ұйымдастырылған «Астана Патриоты» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. 

«Жаңа Қазақстан»  қоғамдық бірлестігінің бастамасымен өткен  сайыста  231 үміткер  бағын сынаған.    Қатысушылардың дені жас ғалымдар, ақын-жазушылар мен  отандық өнімнің  дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлер. Еңбегі еленген әр сала мамандары  жетістіктері мен  жұмысындағы байыпты бастамаларын  тікелей Астанамен байланыстырған.   Конкурстық комиссия қортындысымен 180 қатысушының  елорда туралы орамды ойлары мен  пайымды пікрілері ең үздік жұмыс ретінде  іріктеліп алынды.

Далабай Оспанов, ат әбзелдерінің  шебері:

- Мен Ұлытау облысынан келдім. Арнайы осы конкурсқа.   Осы конкурсқа ертоқым жасап қатысып отырмын. Әкемнің жолын қуып  көп жылдар осы  саулықпен айналысып келе жатырмын. Осы республикалық байқауға  осы жүлдегер атануыма мен қуаныштымын.    

Марапаттау салтанатанатына  жиналғандарға «Астана патриоты» төсбелгісі және бірінші дәрежелі диплом табысталды.  Жобаны ұйымдастыршылар  еліміздің және бас қаланың дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарын қолдау мақсатында аталмыш байқауды ұйымдастырып отырмыз дейді.  Сайыста бағы жанғандардың  жұмыстары алдағы уақытта кеңінен насихатталмақшы.  Олардың еңбектері топтастырылып, шағын  жинақ ретінде жарыққа шығарылады.

Мағжан Садыханов, «Жаңа Қазақстан»  қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

- Әділқазылар алқасы 9 адам бар. Сол 9 адам осыны қарап, пайымдап ішіндегі  ең нәтижелі дегендерді іріктеп алды. Алдағы уақытта Астана патриоты  деген дәстүрлі жалғасатын  болады. Бір жылмен аяқталмайды.