Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа сот үкімі шықты

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрғандарға сот үкімі шықты.

10 айыпталушы кінәлі деп танылды. Сот оларды 5 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржылық пирамиданы басқарғаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтейді. Жаза тағайындау кезінде сотталушылардың кейбірінің кәмелетке толмаған балаларының болуы жауаптылықты жеңілдетуге негіз болды. Сот жәбірленушілердің 1 млрд 861 млн 752 мың 441 теңгеден астам азаматтық талаптарын қанағаттандырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.