Кемедегі өрт: Құтқарушылардың дайындығы пысықталды

Шығыс Қазақстандық құтқарушылар кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Олар бұл жолы су айдынында болған өртпен күресті. Қызыл жалын кемедегі электр сымдарының тұйықталуынан шықты. Экипаж мүшелері өртті әуелі өз күшімен сөндіріп көрген. Бірақ одан нәтиже шықпаған. Сол себепті кеме капитаны құтқарушыларды көмекке шақыртуға мәжбүр болды. Олар кемедегі адамдарды құтқарып, жағалауға дейін жайылған отты сөндірді. Ал зардап шеккендерге дәрігерлер медициналық көмек көрсетті.

Жадыра Аманғалиқызы, облыстық ТЖД бас маманы:

- Мұндай шаралар негізінен біздің қызметкерлер үшін ең бір басты, маңызды пайдасы бар десе де болады. Мұндай жету қиын, осындай су бетіндегі болса немесе осы жағалаудағы болатын өрттерді сөндіру кезіндегі дағдыларды қалыптастыру. Одан әрі жетілдіру болып табылады.