Үкіметте жылыту маусымына дайындық пысықталды

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары көңіл көншітпейді.

Желілер техникалық тексеруден толық өтпеген. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында айтты. "Бұл уәкілетті орган мен әкімдіктер арасындағы өзара байланыстың жоқтығын көрсетіп отыр",-деді. 47 жобаның отызында ғана жұмыс жүргізіліп отыр. Осыған байланысты Әлихан Смайылов Энергетика министрлігіне әкімдермен бірлесіп, жылу маусымына дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды.