Ақтөбеде қызылша дерті дендеп барады

Биылғы жылдың ақпан айынан бері 38 адам инфекция жұқтырған. 

Науқастардың дені Түркия мен Египетке барып келгендер. Әсіресе маусым айында эпидемиологиялық ахуалдың ушығып бара жатқаны байқалады. Себебі соңғы 30 күн ішінде 28 дерек тіркеліп отыр. Олардың 23-і кәмелет жасына толмаған бала. Санитар мамандар бірінші кезекте екпеден бас тартқандар инфекция жұқтыруға бейім деп отыр.

Мұхтар Сербаев, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: 

- Аурудың алғашқы белгілері, жөтел мен дененің қызуы, бөртпе пайда болған сәтте бірден дәрігерге қаралу қажет. Қазіргі таңда науқастардың 87 проценті қызылшаға қарсы екпе салдырмаған балалар. Яғни, ата-анасы түрлі себептермен бас тартып, балаларын қатерге тігіп отыр. Қызылшадан сақтанудың бірден бір жолы вакцина егу.