Тараздық сарбаз жаңа рекорд орнатты

Тараздық жауынгер Евгений Нам турникке тартылудан ел рекордын орнатты.

Балқашта өткен Қарулы күштер қызметкерлері арасындағы көпсайысты мергендер взводының командирі серіппеге 152 рет тартылған. Бұл көрсеткіш еліміздің рекордтар кітабына енгізілді. Жалпы әскери қызметішілер арасындағы сайыста, қатысушылар гранатаны қашыққа лақтыру, Калашников автоматынан нысанаға ату, 100 метрге жүгіру  және турникке тартылу бойынша сынға түсті. Аталған байрақты бәсекеде Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы командалық есепте бірінші орынды иеленді. Ал жеңіспен оралған сарбаздарды қарулас әріптестері салтанатты түрде қарсы алып, ерекше құрмет көрсетті.

Евгений  Нам, мергендер взводының командирі:

- Республикалық жарыста Тартыл-фест өттетін кезде, сол рекодты өзім қойғам 52 рет тартылып. Енді осы жолы Қарулы күштердің арасында өз рекордымды дәлелдеп бердім. Дайындалатын өзімнің шығарған программам бар. Сол программамен дайындалып күніне 2 рет осы жетістікке жеттім.