Елорданың 25 жылдығына орай ерекше қойылымдар ұсынылады

Елорданың 25 жылдығына орай  қала тұрғындарына бірқатар ерекше қойылымдар ұсынылады.

Атап айтқанда, “Қыз Жібек” этно-фольклорлық мюзиклы, “Жібек жолы” балеті, және джаз форматындағы “Jazz fest” концерт өтеді. Сонымен қатар кешкі уақытта болатын ашық аспан астындағы “Open air” концертіне еліміздің танымал өнер жұлдыздары қатысып, ән шырқайтын болады.

Ғани Мұратов, ҚР МСМ мәдениет комитеті басқармасының басшысы:

- 7 шілде күні гала опера болады. Бұл концертке ШОС мемлекеттерінің ең танымал опера әншілері келіп қатысады. Тұңғыш рет Қазақстанда музыка саласының негізін қалаушы Ахмет Жұбановтың және оның қызы Ғазиза Жұбанованың Құрманғазы операсынан суюитаның премьерасы болады.