Астанада Орталық саябақтағы думанды мереке 3 күнге жалғасады

3 күн бойы Астанадағы Орталық саябақ думанды мереке алаңына айналмақ.

Бүгін бұл жерде «Mereke street» фестивалі басталды. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтарына отбасымен барып демалуға мүмкіндік беретін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Ашық аспан астындағы кинотеатрға барып, роботтар шоуын тамашалауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ бүлдіршіндерге арналған театр қойылымдары көрсетіледі. Талантты жандар ұлттық аспапта ойнап, бейнелеу өнерінен сынға түседі. Тіпті спорттық ойындар үшін де арнайы аймақ бөлінген. Ал кеш бата қонақтар эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалай алады.