Астана күні бір мың сәби дүниеге келді

Астана күнінде Қазақстанда 1000 сәби дүние есігін ашты.

Оның 505 қыз болса, 495–і ұл бала. Араларында егіздердің сегіз жұбы бар. Бұл күні ең көп сәби Түркістан өңірінде дүниеге келді. Мұнда 146 шақалақты аналары құшағына алған. Алматыда 91, Алматы облысы мен Шымкент шаһарында 76 баладан тіркелді. Астананың 25 жылдығында Ақтөбе өңірінде егіздердің қос жұбы өмірге келді.