Риддер жылу орталығын жөндеуге ₸8,3 млрд бөлінді

Риддер жылу электр орталығының жаңа басшылығы кәсіпорынның қарызын жабуға уәде етіп отыр.

Қазір берешек 5,5 миллиард теңгеге жеткен. Одан кейін энергонысанды коммуналдық меншікке өткізу мәселесі қаралады. Инвестор станция ұжымының жалақысы мен салық қарызын өтеген. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша жылу орталығын жөндеуге 200-ден аса маман тартылған. Жоспарланған жұмыстың 36 пайызы орындалды. Жылу электр орталығының жекеменшікте болуына қарамастан оның қызметін қалпына келтіруге мемлекет және жергілікті бюджеттен 8 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген.  

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

- Мұндай шешім республикалық және жергілікті бюджет деңгейінде қабылданды. Жылу электр орталығын жөндеуге қаржы бөлу туралы Үкімет қаулысы мен әкімдіктің шешімі шықты. Жоспарға сәйкес, ақша бір аптаның көлемінде түсуі тиіс.