Қостанай облысында тұрғындарға полиция атынан хабарласқан алаяқтар ұсталды

Жақыныңыз жол апатына ұшырады, шұғыл ақша қажет. Қостанай облысында тұрғындарға полиция атынан хабарласып, қомақты қаржы талап еткен 4 алаяқ ұсталды.

Олардың осындай 8 жымысқы әрекеті әшкере болды. Полиция бет-әлпетін үнемі өзгертіп, жұрттан ақша жинаған қостанайлық тұрғынды қолға түсірген.

Жалпы алаяқтардан келген шығын көлемі 43 млн теңгені құрап отыр. Ішкі істепр министрлігінің Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы атап өткендей, жыл басынан осындай 9 мыңнан аса қылмыс тіркелген. Оның 2 мыңнан астамы, яғни тек 37%-і ашылған. Бұған өзге мемлекеттегі әріптестермен ықпалдасуға көп уақыт жұмсалатыны себеп. Өйткені алаяқтардың дені арам ойын шетелден хабарласып іске асырады.   

Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы:

- Барлық ұялы телефон операторлары антифрод алаяқтан қорғану жүйесін енгізді. Нәтижесінде  бұндай 36 млн алаяқтық қоңыраулар бұғатталды. Зардап шеккендердің саны екі есе азайды. Ағымдағы жылғы 6 айының қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде интернет алаяқтарды тіркеу 1,5%-ке төмендеуі байқалды.