Түркістан облысында лауазымды қызметкерлер пара алған

Түркістан облысы әкімдігінің қос лауазымды қызметкері ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің хабарлауынша, Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы кәсіпкерді 18 миллион теңге пара беруге мәжбүрлеген. Осылайша, коммерциялық нысан салуға жер телімін кедергісіз бөліп бермек болған.

Сонымен бірге Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті «Бизнеске жол» жобасы аясында 280 миллион теңгеге бағаланған мемлекеттік сатып алу шартын жасап бергені үшін 10 миллион теңге пара алған. Қазір күдіктілер қамауға алынды.

Дәулет Нарымбетов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департамент басшысының орынбасары:

- Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүдесіне сай жария етуге жатпайды.