Оңтүстік өңірде вегетациялық кезең су тапшылығы жағдайында өтіп жатыр

Сырдария өзенінен егістік алқабын суару үшін тіршілік нәрін пайдалануға шекті лимит белгіленген.

Мамандар мұндай қадамға суды тиімді пайлану мақсатында барып отырғанын айтады. Өйткені оңтүстік өңірлердегі қоймаларға келіп жатқан су көлемі былтырмен салыстырғанда аз. Қазір Тоқтоғұл су қоймасынан су ағызуды қамтамасыз етудің  кестесі белгіленді. Түркістан облысында да  ресурстарды барынша тиімді пайдалану үшін су айналымы  әдісі қолға алынған. Арыс және Бадам өзендеріне инженер-гидротехниктердің жұмыс тобы құрылды. Жамбыл облысындағы тау мұздықтарының баяу еруіне байланысты, көршілес ел Қырғызстандағы су қоймаларының толу көрсеткіші де төмендеген. Қазір егістік алқаптарын сақтап қалу маңызды. Сондықтан мамандар ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты суару мәселелерін бақылауда ұстап отыр. Көпжылдық шөптерді қоспағанда, тек қант қызылшасына, жүгеріге және бақша дақылдарына су жіберу  жоспарда тұр.