Екібастұздағы жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды

Екібастұздағы автогаз құю бекетіндегі жарылыстан кейін қылмыстық іс қозғалды.

Бұған қоса арнайы жұмыс тобы 23 жанармай құю бекеті мен 11 газ станцияны тексереді. Айта кетейік, Қонаев көшесінде орналасқан бекетте газ сақталған 4 цистерна мен 40 газ баллоны болған. Өрт көрші тұрған азық-түлік дүкенінің шатырын зақымдаған. Сондай-ақ су мұнарасының төбесі жанып кеткен. Оқыс оқиға салдарынан цистерна маңында адам мәйіті табылды. Қазір оның жеке басы анықталып жатыр.

Оразбек Уәлиханов, ТЖД өртті бақылау департаменті басқармасының бастығы:

- Осы өрт сөндіру барысында бір адамның мәйіті табылды. Қазіргі таңда анықталуда кім екені. Болжам бойынша бұл оператор, осы автогаз құю станциясының. Өрт орнында Павлодар облысы департаментінің 31 қызметкерімен 11 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда залалы мен шығыны анықталуда.